Астанада «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қарашадан бастап 7 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесін ұсынады.
Көрмені салтанатты ашу рәсімі 28 қарашада сағат 15:00-де Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10 мекенжайында «Назарбаев орталығы» ғимаратында өтеді.
Ашылу рәсіміне ҚР Парламентінің депутаттары, дипломатиялық миссиялардың басшылары, белгілі ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысады.
Көрмеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметінің елеулі оқиғаларына байланысты бүгінгі күнге дейін кадрдан тыс қалып келген ерекше фотосуреттері мен картиналары көрсетіледі.