Астанада ел тарихындағы ең ірі әскери парад басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Қазақ елі алаңында ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад басталды.  Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды парад, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
None
None















Алаңға Елбасы  Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев келді. ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа Әскери парад қолбасшысы, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерінің бас қолбасшысы, генерал майор Мұрат Бектанов әскери парад туралы баянат жасады. Қорғаныс министрі Елбасына - Бас қолбасшыға парад дайын деп баяндады.

Шеруде 5000-нан астам әскери қызметшілер салтанатты маршпен жүріп өтеді, 300-ге жуық әскери техника мен заманауи қару-жарақ түрлері жұртшылық назарына ұсынылады. 70-ке жуық әуе техникасы Қазақстанның авиациялық әлеуеті мен жауынгерлік әзірлігін паш етеді.



Дәстүрлі түрде жаяу әскер легін «Жас Ұлан» республикалық мектептерінің барабаншылар құрама ротасы бастайды.  Алғаш рет барабаншылар сапына Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы республикалық «Жас Ұлан» әскери мектептерінің үздік тәрбиеленушілері іріктеліп алынды. Әрі қарай шеруді ҚР Қорғаныс министрлігінің офицерлері, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскері, бітімгершілік күштердің, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлері, әскери қызметші әйелдер, әскери полиция және аумақтық қорғаныс бригадасының парадтық есептоптары жалғастырады.

Сонымен қатар,алаңға 2016-2017 жылдары әскери арсеналымызды толықтырған заманауи әскери техника мен қару-жарақ түрлері шығарылады. Қазақстандықтар «Қаз Град», «Смерч», «Прима» оқ атудың реактивті жүйелері, «Кобра» жауынгерлік барлау машиналары, «Штурм-С» танкіге қарсы зымыран кешені, «Гиацинт» зеңбіректер батареясы, «Тюльпан» өздігінен жүретін минаатқышы, «Точка-У» тактикалық зымырандары, «Арлан» бронды дөңгелек машиналары, «Натиск» ұшу аппараттары мен радиоэлектрондық барлау жүйелері, «Федерал» арнайы брондалған автомобильдер легі, «Тигр» арнайы полиция автомобилі сынды бірқатар жаңа техника түрлерін тамашалай алады. Әуе қорғанысы күштерінің ең үздік ұшу аппараттары Астана аспанында «25» мерекелік датасын және «Бәйтерек» атты жоғары пилотаж фигурасын көрсетеді.

















Айта кетейік, парадқа шығарылатын әскери техникалардың жартысына жуығы Қазақстанда шығарылған. Атап айтқанда, «Арлан» бронды техникасы, «Қаз Град» реактивті жүйелері, «Джигит» зеңбірек қондырғылары және негізгі көлік болып саналатын КаМАЗ көліктері отандық қорғаныс өнеркәсіптерінде шығарылған.











null

null 

null 

null

Соңғы жаңалықтар