Астанада ел тұрғындарын 2,9 млрд теңгеге шығындандырған алаяқ ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Биылғы 6 ақпан күні Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті М.К.Сүлейменов ұсталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

қылмыс
Фото: Kazinform

Бұған дейін 30 қаңтар күні Қызылорда қаласында оның тағы бір сыбайласы Р.Қ.Қаржауов анықталып, ұсталды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, К.Сүлейменов 2021-2022 жылдары адамдар тобымен бірлесіп, азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген. Олардың алаяқтық әрекеттерінен 231 адамға 2,9 млрд теңге залал келтірілген.

Тергеу барысында 2022 жылдың мамыр айында Сүлейменов тергеуден бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Сүлейменов Ақтау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Енді оның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады. Сондай-ақ он жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар