Астанада Елбасы Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптың тұсауы кесілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Назарбаев Орталығында» Елбасы Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Нурсултан Назарбаев: Человек у власти» атты кітаптың тұсауы кесілді. Қалың оқырманға жол тартқан туынды Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институты мен «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен жарыққа шықты, ал оның авторлары: профессорлар Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасова.
None
None

Жарыққа шығып отырған тарихи-өмірбаяндық кітап оқырманға бұған дейінгі күндері жіті таныс болып үлгерген «Н.А.Назарбаев - основатель независимого государства», «Мир о Назарбаеве», «Кемеңгер», «Независимый Казахстан и Лидер Наций» секілді көптеген еңбектердің жалғасы болып табылады.

Бұл ретте кітап авторлары елдің саяси шыңына шығып, оны халықаралық сахнада танымал ете білген дарынды тұлғаның өмір жолын көрсетуді көздеген. Сондықтан да олар туындыны «Нурсултан Назарбаев: Человек у власти» деп атап отыр. Кітаптың атауы мазмұнында саяси сахнаға өзінің табандылығының, еңбекқорлығының, алға қойған мәселелердің түпкі мағынасына жете, әрі оларды белгіленген мерзім ішінде шеше білу қабілетінің, қоғамды бастау қасиетінің арқасында көтерілген тұлға туралы айтылатынын білдіреді.

Профессор Бүркіт Аяғанның айтуынша, кітапта алғаш рет Қазақстанның болашақ президентінің қалыптасу жолын, оның әлем қауымдастығы оң бағалаған саяси карьерасы мен заңды салтанатын зерттеп бақылауға мүмкіндік беретін еңбек жолының кезеңдері баяндалады. Бұл ретте авторлар кітап кейіпкерінің өмірбаянын зерттеу арқылы Қазақстанның 75 жылдық тарихи даму заңдылығын да зерделейді, қоғам дамуындағы кеңестік жүйенің дағдарысын, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі реформалардың қарыштап дамуын көрсетуге тырысады. Тұтастай алғанда авторлардың көздеген мақсаты Қазақстанның атын әлемге паш еткен, Қазақстанның дүниежүзі елдері қатарынан орын тауып, құрметті мемлекетке айналуына, әрі қазіргі қым-қиғаш геосаяси жағдайларда оң рөл атқаруына себептескен реформаторлық рухын ашып көрсету болды. Шараға Парламент депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты.

Соңғы жаңалықтар