Астанада «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабының таныстырылымы өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабының таныстырылымы болды.

Астанада «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабының таныстырылымы өтті (ФОТО)

Автордың бұл кітабында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, қарқынды дамуы және халықаралық беделінің нығаюы жолындағы сан қырлы қызметі бейнеленген.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесі таныстырылым аясында белгілі қоғам қайраткері, саяси ғылымдардың докторы, профессор Қ.С.Сұлтановтың осынау бірегей кітабының жария рецензиясын ұйымдастырып отыр. Басылым сандық нұсқада ғаламтор желісіне ұсынылады.

Айта кетейік, бүгінгі таныстырылымды Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі ұйымдастырды.

Таныстырылымға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА кеңесінің мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғылыми-сараптамалық кеңестің қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның өкілдері, жастар, Ұлттық академиялық кітапхананың оқырмандары қатысты.