Астанада «Елбасы және мемлекеттік тіл» атты жаңа жинақ таныстырылады

АНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Ертең Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған жаңа жобасын - «Елбасы және мемлекеттік тіл» атты жинағын таныстырмақ.

Астанада «Елбасы және мемлекеттік тіл»  атты жаңа жинақ таныстырылады

Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттік қор мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп әзірлеген жинақтың 2 мың дана таралыммен жарыққа шығуына «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамы қолдау көрсетіп отыр.

Еңбек қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы даму кезеңдерін және Ұлт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тіл мәселесіндегі сындарлы саясатын айқындай түседі.

Жаңа басылымды жұртшылық назарына таныстыру Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлының, «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қорының директоры Азат Шәуеевтің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ғалым Тұмабаевтың қатысуымен өтеді.