Астанада «Елбасына тілек» шығармашылық байқауы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай оқушылар арасында «Елбасына тілек» шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада «Елбасына тілек» шығармашылық байқауы өтті

Осымен 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылған шығармашылық байқауына елорданың 40-тан аса мектебінен 320 оқушы қатысты. Мұндағы мақсат - жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, Отанға, Елбасына деген сый-құрметтерін көрсету, жеткіншектерді өнер арқылы ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқау ережесіне сәйкес әртүрлі тоқыма материалдары, ағаш және өңделген металдан жасалған көркемдік жұмыстар қабылданды. Одан бөлек, мүсіндік, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері, акварель бояуымен салынған суреттер, бисер және оригами техникасымен жасалған бұйымдар мен коллаж жұмыстары болды.

«Байқау бүгінде дәстүрге айналып осымен 3-ші рет өткізілуде. Негізгі мақсатымыз - балалар өнерін дамытудан бөлек, Тұңғыш Президент күніне орай Елбасымыздың ел үшін жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету. Сайыс жас ерекшеліктеріне қарай үш номинация бойынша өтті. Атап айтқанда, «Кескіндеме», «Тоқыма, қағаз бұйымдары», «Дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдар». Арнайы тағайындалған әділқазылар алқасы үздік деген жұмыстарды таңдап бүгін қорытындылаудамыз. Сондай-ақ, үздік деп танылған жұмыстар арнайы көрмеге қойылды», - деді Астана қаласы №1 өнер мектебінің директоры Фархад Сәбиев.

Байқауды Астана қалалық Білім басқармасының қолдауымен №1 өнер мектебі ұйымдастырды. Айта кетсек, аталған өнер ордасы елорда оқушыларын домбыра, қобыз, фортепиано, хореография, театр бөлімі бойынша баулиды. 

Астана қалалық «Елбасына тілек» шығармашылық байқауының жеңімпаздары:

«Кескіндеме» номинациясы:

10-13 жас

І орын - Айдина Жәйірбек (№83 мектеп);

ІІ орын -Ақжан Жанділдина  (№61 мектеп);

ІІІ орын - Гауһар Жандыбаева (№2 мектеп).

14-17 жас

І орын -  Дарья Ярославцева (№6 мектеп);

ІІ орын - Дамиля Айтанова ( №72 мектеп);

ІІІ орын - Рүстем Қалышев (№73 мектеп).

«Қолданбалы өнер декорациясы (тоқыма, қағаз)» номинациясы:

10-13 жас

І орын - Әлия Амангелдина (№67 мектеп);

ІІ орын - Айым Сүлейменова (№1 интернат);

ІІІ орын - Талшын Қайрат ( №55 мектеп).

14-17 жас

І орын - Елана Әділ (№48 мектеп);

ІІ орын - Зухра Омарова (№74 мектеп);

ІІІ орын - Аружан Асқар (№64 мектеп).

«Дәстүрлі емес материалдардан жасалған қолданбалы өнер бұйымдары» номинациясы:

10-13 жас

І орын - Вероника Якимова (№6 мектеп);

ІІ орын - Эленора Цитцер (№14 мектеп); 

ІІІ орын (Анастасия Фидоринова (№28 мектеп).

14-17 жас

І орын - Шыңғыс Тұрғалиев (№37 мектеп);

ІІ орын - Аружан Жұмабай (№ 54 мектеп);

ІІІ орын - Алдияр Айтбаев (№ 75 мектеп).