Астанада Елбасының қатысуымен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының XI съезі өтеді

АСТАНА. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Наурыздың 10-ы күні елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының XI съезі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биыл Мемлекет басшысының Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық одақты құру идеясын жариялағанына 15 жыл толып отыр. Сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірі - Университеттердің еуразиялық ассоциациясының құрылғанына - 20 жыл. Осы атаулы күнге орай Еуразия ұлттық университетінде өткелі отырған съездің жұмысына ТМД және Еуразия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, еліміздің белгілі ғалымдары және университеттердің студенттер мен кәсіподақтары ассоциациясының өкілдері қатысады. Съезд отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасайды деп күтілуде. Президенттің төрағалығымен өтетін мәжілісте білім беру саласының өзекті мәселелері ? университеттердің класикалық білім беру үрдісін сақтау, жоғары оқу орындарының оқыту жұмысының сапасын арттыру, ассоциацияға мүше елдердің білім берудің ортақ талаптарын шығару, инновацияға негізделген білім беру жүйесін жетілдіру, Еуразия кеңістігіндегі университеттердің еңбек ұжымдары мен жастар ұйымдарының байланыстарын нығайту, университеттердің халықаралық ынтымақтастығын дамыту және т.б. білім беру саласының проблемалары талқыға салынбақ. Съездің ресми бөлімінен кейін Елбасы ТМД және Еуропа елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорларымен кездеседі. Осыдан кейін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Университеттердің еуразиялық ассоциациясының президенті Виктор Садовничий және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Бақытжан Әбдірайымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Университеттердің Еуразиялық ассоциациясы ? Еуразия және ТМД елдерінің ұлттық және аймақтық университеттері кіретін халықаралық ұйым. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін құрылған КСРО университеттерінің ассоциациясы 1992 жылы Университеттердің еуразиялық ассоциациясы болып қайта құрылды. Бүгінгі таңда ассоциацияға Әзірбайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина елдерінің 98 жоғары оқу орны кіреді. Университеттердің Еуразиялық ассоциациясының жоғары басқарушы органы үш жылда бір рет өтетін ассоциация съезі болып табылады. Осы уақытқа дейін Университеттердің Еуразиялық ассоциациясының съезі М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (1989ж.), Киев мемлекеттік университетінде (1990ж.), Әзірбайжан мемлекеттік университетінде (1991ж.), Мәскеу мемлекеттік университетінде (1992ж.), Түркімен мемлекеттік университетінде (1993ж.), Қазан мемлекеттік университетінде (1995ж.), Мәскеу мемлекеттік университетінде (1997ж.), Беларус мемлекеттік университетінде (1999ж.), Киев ұлттық университетінде (2002ж.), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (2007ж.) өткен болатын. 1993 жылдан бері Университеттердің еуразиялық ассоциациясын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей Федерациясы Ғылымдар академиясының вице-президенті, академик В.А.Садовничий басқарып келеді. Ал ассоциацияның барлық ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарушы комитет жүргізеді. Ұйымның атқарушы комитетінің төрағасы - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры А.В.Сидорович. Университеттердің еуразиялық ассоциациясы қызметінің негізгі бағыты ? университеттердің еңбек ұжымдары және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау. Ассоциацияның бастамасымен ТМД елдері университеттерінің студенттік және кәсіподақ ұйымдарының ассоциациялары құрылған. Университеттердің еуразиялық ассоциациясы ТМД-ға мүше елдердің білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі кеңес пен Парламентаралық ассамблеяда тіркелген. Бүгінгі таңда басқа да білім беру саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара әріптестік байланыстарды орнатып отыр. Университеттердің еуразиялық ассоциациясы халықаралық деңгейде кеңінен танылған «Университеттер және қоғам» конференциясының ұйымдастырушысы болып табылады. 2000 және 2003-ші жылдары өткен конференцияларға мыңнан аса профессорлар мен оқытушылар қатысты. Олардың қорытындылары бойынша ассоциацияға мүше университет ғалымдарының еңбектері мен зерттеу жұмыстары ұжымдық монографияларда жарық көрді. Ал 2009 жылдан бастап Университеттердің еуразиялық ассоциациясы «XXI ғасырдың еуразиялық университеттері» монографиясын шығаруды қолға алды. Наурыздың 10-ы күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін Университеттердің еуразиялық ассоциациясы XI съезі барысында «Білім беру туралы. Еуразиялық кеңістік» монографиясының бірінші нөмірінің таныстырылымы болады.
Соңғы жаңалықтар