Астанада «Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы және Қазақстанның саяси дамуының басымдықтары» тақырыбында конференция өтіп жатыр
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы және Қазақстанның саяси дамуының басымдықтары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференцияның мақсаты - Президенттің халыққа Жолдауын талқылау, экономикалық және саяси реформаларды іске асырудағы Елбасының тарихи рөлін зерделеу. Сонымен қатар қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін талқылау.
Конференцияға ел өңірлерінен 100-ге тарта ғалымдар шақырылды. Екі күндік мәслихат барысында қатысушылар Мемлекет тарихы институты баспаға әзірлеген ғылыми-зерттеу жобаларын талқылап, Жолдауды көтерілген қоғамдық өзекті мәселелерді саралайды.
«Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлінгені аян. Сондықтан да осы орайда министрлікке қарасты барлық білім шаңырақтары мен ғылым ордалары бірігіп елеулі жұмыстарды атқаруымыз қажет.
Елбасының тікелей тапсырған тапсырмасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында да көптеген еңбектер жарияланды. Бүгінде Қазақстан тарихына қатысты араб, парсы, еуропа, қытай, түрік дереккөздеріндегі материалдардың барлығы жинақталды», - деді өз сөзінде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.