Астанада Елбасының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша халықпен кездесу өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан» орталық концерт залының конференц-залында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша халықпен кездесу өткізілді.

Астанада Елбасының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша халықпен кездесу өткізілді

Шараға Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындары, аудандық мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, аудандық ұйымдар мен мекемелердің жұмыскерлері қатысты. Кездесу Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен өтті.

Кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бірқатар мәселелер қаралды.

Аида Балаеваның айтуынша, елордамыз үшін әсіресе, мектепке дейінгі білім беру, соның ішінде балаларға балабақшалардан орын беру мәселесі аса өзекті. Қала әкімдігі алдағы уақытта мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша жүйелі шаралар қабылдайды. Бұл ретте мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизміне ерекше көңіл бөлінбек. Тағыда бір маңызды аспекті халықты жұмыспен қамту саласында жұмыстарды белсендіру бойынша жаңа басымдықтар. Осыған байланысты қалалық әкімдіктің өткен жылғы қызметінің қорытындысы оптимизм ұялатады. Жыл басынан бері 83 мың адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, соның ішінде 62,6 мың зейнеткер, 235 ҰОС ардагері мен қатысушысы, 19,4 мың мүгедек, 5,5 мыңға жуық көп балалы отбасы, 8 мыңнан астам тұрмысы төмен азаматтар мен көп балалы аналар.

Үшінші аспекті, елордадағы денсаулық сақтау саласы. Атап айтқанда, қазіргі кезде елімізде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істейді, оның қызметінің стратегиялық векторы аурулардың салдарымен күресу емес, олардың алдын алу болып табылады. Әрине, басқа аймақтармен салыстырғанда Астанада денсаулық сақтау жағдайы едәуір жоғары деңгейде. Бұл ретте онкологиялық ауруларды емдеу бойынша Густава Русси атындағы онкология институмын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою маңызды қадам болып табылады.

Сөз соңында қала басшысының орынбасары қазақстандықтардың әрқайсысының жауапкершілігі мен азаматтық позициясы «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» бағдарламалық құжатында белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетінін атап өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.