02:48, 09 Мамыр 2017 | GMT +5
Астанада елдің ең мықты әйел боксшылары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріншілік барысында ең үздік көрсеткішті 3 алтын медаль жеңіп алған нәзік жандар көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Чемпионатқа қатысу үшін елдің 14 аймағынан барлығы 86 қыз жиналды. Ең жоғарғы орынға Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсететін Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева, Жайна Шекербаева мен 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Дариға Шәкімова көтерілді.
Бұған қоса өз салмақ дәрежелерінде Алуа Балқыбекова, Назым Ищанова, Римма Волосенко, Мадина Нұршаева және Мөлдір Базарбаева чемпион атанды.
Қазақстан құрамасы қазан айында Вьетнамда өтетін Азия чемпионаты сияқты жуық арада болатын жарыстарға дайындықты жалғастыруда.