Астанада электр энергиясының бағасы 16 пайызға көтерілді
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2011 жылғы қаңтардың 1-нен бастап Астанада электр энергиясының бағасы 16 пайызға қымбаттады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры Абзал Естаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, электр энергиясы бағасының көтерілуіне ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 стансаларындағы тарифтердің 40 пайызға өскендігі себеп болды. «2011 жылғы 1 қаңтарға дейін электр энергиясының орташа бағасы 8 теңге 30 тиын болса, енді бұл тариф 9 теңге 67 тиынға көтеріліп отыр», - дейді А.Естаев.