Астанада электр энергиясының тарифтері көтерілмейді - ТМРА

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2010 жылы Астанада электр энергиясының тарифтері көтерілмейді.
None
None

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қалалық департаментінің бастығы Абзал Естаев ведомствоның 2009 жылғы жұмысының қорытынды кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А. Естаевтің айтуынша, биыл қаңтар айының 10-да электр стансысы қызметінің бағалары көтерілген. Сол уақытта тұтынушылар үшін электр энергиясының ақтық тарифтері 13, 3 пайызға қымбаттады. Энергия генерациялаушы стансылардың ақпараты бойынша, биыл жылдың соңына дейін тарифтер бойынша өзгерістер болмайды.

«2010 жылы электр энергиясының құнын өсіруге байланысты өтініштер қарастырылмайтынын толық сеніммен айтуға болады», дейді ТМРА қалалық департаментінің басшысы А. Естаев.

«Газ тарифтеріне келетін болсақ, табиғи монополия субъектілері тарапынан қызмет бағасын көтеруге қатысты өтініштер келген жоқ. Қысқа мерзім ішінде «Астан асу арнасы» тарапынан келген су бағасын өсіруге қатысты арыз қаралады. Алайда ол арыз бекітілген жағдайда су тарифтерінің қаншалықты өсетінін болжау әлі ерте», дейді А. Естаев.

Соңғы жаңалықтар