Астанада электромобильдерге арналған тұңғыш қуаттандыру бекеті ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қуаттылығы 50 кВт болатын электромобильдерді қуаттандыруға арналған бірінші өнеркәсіптік станция ашылды. Ол аккумуляторды 24 кВт қуаттылықпен 15 минуттың ішінде 30%-дан 80%-ке дейін қуаттауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада электромобильдерге арналған тұңғыш қуаттандыру бекеті ашылды

Жаңа Compass АЗС + express market автоқуаттандыру станция кешені ҚР-да бұрын орнатылған станциялардан түбегейлі ерекшеленеді - онда орнатылған ABB компаниясының Terra 53 моделді жылдам қуаттау станциясы барлық үлгідегі электромобильдерді 10-30 минуттың ішінде 80%-ға дейін қуаттауға мүмкіндік береді.

Станцияның ресми ашылуына мемлекеттік құрылым өкілдері, Compass АЗС + express market кешендер желісінің басшылары, ABB компания өкілдері кәсіпкерлер, электромобиль иелері, AllurGroup өкілдері және т.б. қатысты.