Астанада электрондық үкімет арқылы салық төлегендердің арасында ұтыс ойындары өтеді
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада 18 қыркүйек күні 2013 жылы ҚР электрондық үкіметі - eGov.kz. порталы арқылы салық төлегендердің арасында арнайы шара шеңберінде ұтыс ойындары өтеді. Бұл туралы «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«Шара онлайн режімінде өтеді, оның барысын басқа қалалардағы қатысушылар ХҚО-да орнатылған бейнеконференцбайланыстың көмегімен бақылай алады», - делінген хабарламада.
Қатысушылармен бірге, ресми адамдар, сондай-ақ белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман шақырылған, ол онлайн режімінде жеңімпаздың атын жариялайтын болады.
Ұтысқа салынатын жүлделердің ішінде: планшеттік компьютерлер, сандық фотоаппараттар, ұялы телефондар, сондай-ақ жеке куәліктің чипінде жазылған электронды сандық жазудың көмегімен е-қызметін алуға қажетті картридерлер бар», - деп хабарлады «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметінен.
Ұтыс ойындары ертең, 2013 жылы 18 қыркүйек күні сағат 13:00-де болады.