Астанада электрондық үкімет порталы арқылы салық төлегендер арасында бірінші ұтыс ойыны болып өтті

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада электрондық үкіметтің 2013 жыл ішінде .kz. порталы арқылы салық төлеген қазақстандықтарға арналған акциясы аясында бірінші ұтыс ойыны болып өтті.

Астанада электрондық үкімет порталы арқылы салық төлегендер арасында бірінші ұтыс ойыны болып өтті

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ойын барысында 16 планшеттік компьютердің немесе жеке куәлігінің чипіндегі электрондық сандық жазумен жұмыс істейтін 52 картридждердің бірін алатын жеңімпаздардың аттары белгілі болды. Жолы болған жеңімпаздарды белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман анықтап, құттықтады», - делінген хабарламада.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 264 өтінім тіркелген болатын, олардың 102-сі (38%) шалғай аудандардың тұрғындарынан келді. Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары белсенділік танытты. Сондықтан да жеңімпаздардың көпшілігі - осы аймақтардың өкілдері, - деп хабарлады «ҰАТ» АҚ.