18:40, 26 Мамыр 2010 | GMT +5
Астанада еліміздегі мемлекеттік органдар арасында спорттық спартакиада өтеді
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 29-ы мен 30-ы аралығында Астанада еліміздегі министрліктер, агенттіктер, комитеттер және басқа да орталық атқарушы органдар арасында шағын футболдан, волейболдан және бильярдтан спартакиада өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін бұл спорттық шара Мемлекет басшыны Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесін нығайтуға, халықтың барлық топтары арасында салауаты өмір салтын, дене тәрбиесімен әрі спортпен белсенді шұғылдануды насихаттауға арналған. Шараға бүкіл министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, олардың бірінші басшылары және құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері қатысатын болады. Мамырдың 29-ы күні сағат 12:00-де Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі болады.