Астанада еліміздегі зейнетақы жүйесінің қызметіне байланысты тренинг өтті

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорының қалыптасуы мен дамуына байланысты арнайы тренинг өтті,

Астанада еліміздегі зейнетақы жүйесінің қызметіне байланысты тренинг өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс барысында қор өкілдері еліміздің зейнетақы жүйесінің қалыптасу жолдарын сөз етіп, оның бүгінгі күнге дейінгі тарихына қысқаша тоқталды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар зейнетақы қызметінің ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп, елімізде қызмет етіп жатқан зейнетақы қорларының артықшылақтарын талдап берді.