20:51, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Астанада элиталық «Дипломат» ТК тұрғындары жарықсыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада сағат 19.00-де елорданың сол жағалауында орналасқан «Дипломат» ТК тұрғындары жарықсыз қалды.
10-қабатты тұрғын үй кешенінде 20-дан астам кіреберіс бар.
Үйде электр жарығы болмағандықтан лифт, телефон байланысы істемей тұр. Үй тұрғындарының бірінің сауалына 109 авариялық қызметінің диспетчері «авариялық сөндіру» екенін хабарлаған.
Бұдан басқа, лифтінің істен шығуы жағдайына қарастырылған баспалдақ алаңына апаратын есікті тұрғындардың өздері жапқан.