Астанада «Елорда кубогы» сарапқа салынады

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Ресейдің ең атақты командалары Астанадағы Халықаралық КВН фестиваліне келіп, «Елорда кубогы» үшін жарысқа түседі.

Астанада «Елорда кубогы» сарапқа салынады

Астана әкімдігінің мәліметінше, «Нарты из Абхазии», «Уездный город», «Прима» сынды командалар келеді деп күтілуде. Олармен «Казахи» және «Астана.kz» командаларынан жасақталған Қазақстан құрамасы сынға түседі.

Командалар үш конкурсқа қатысады: «Сәлемдесу», «Ширату» және «Музыкалық үй тапсырмасы». Қазылар алқасының құрамы әзірше құпияда сақталуда. Жеңімпаз команда Астанадағы Халықаралық КВН фестивалінің алғашқы «Елорда кубогына» ие болады. Бұдан кейін бұл фестиваль жыл сайын өткізілетін болады деп жоспарлануда.

Талай жыл өткеніне қарамастан КВН «Бірінші арнаның» рейтингісі ең жоғары бағдарламаларының бірі болып қалуда және 50 жыл бойы әлеуметтің түрлі топтарын қамтып келе жатқан ерекше жоба болып табылады. Оны жастар да, ересектер де, қарттар да ықыласпен тамашалайды.