Астанада емделіп жатқан әрбір бесінші науқас басқа қаладан келген

«Елорданың денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған тағы бір сын - халықтың жыл сайынғы өсімі. Астанада бала туудың ең жоғары деңгейі байқалады. Орта есеппен тәулігіне 80-нен астам бала дүниеге келеді. Өткен жылы елордада 30 мыңнан астам бала дүниеге келсе, жыл сайын 100 мыңнан астам операция өткізіледі», делінген хабарламада.
Қаладағы емханалар бүгінде жоғары жүктемемен жұмыс істеуде. Дәрігерлердің физикалық қолжетімділігін арттыру үшін өткен жылдың екінші жартысында қала емханаларындағы 550 учаскеге қосымша 105 учаске ашылды. Бұл учаскелік дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Бұған дейінгі жүктеменің бір дәрігерге 2 500-3 000 адамнан болуы науқастарға қызмет көрсету сапасына кері әсер етті.
«Қазір орташа есеппен жалпы тәжірибенің бір дәрігеріне 1 700 адамнан аспайды. Бұл ЭЫДҰ елдерінің нормасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, медициналық мекемелердің жұмысының көбейіп кетті және басқа өңірдердің науқастары таңдау құқығын пайдалана отырып, елордада емделуді қалайды. Бүгінде Астанада емделіп жатқан әрбір бесінші науқас басқа қаладан келген», - делінген хабарламада.
Осы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі перспективалық жоспары бекітілген. БМСК желісін дамыту тұжырымдамасы табысты іске асырылуда. Бұл жоба «Үйдегі дәрігер» деп аталады.
Жоба тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан шағын дәрігерлік амбулаториялар желісін ашуды мақсат еткен. «Үйдегі дәрігер» жобасының бір ерекшелігі - оған арнайы жер учаскесін бөлу, клиниканы салу мен жабдықтауға бюджеттен шығын жүмсалмайды. Амбулаторияны ашу жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Қаржылық модель қарапайым. Мемлекет халықты тіркеуге кепілдік береді, ал тиісінше жан басына қаржыландыру да, өз кезегінде жеке кәсіпкер тұжырымдамада бекітілген талаптарға сәйкес емхананың құрылысы мен жабдықталуына инвестиция бөледі.
Осылайша, өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық жағдайлары жасалған. Мемлекет бюджет қаражаты және емхана ашу уақытын үнемдейді, жаңа жұмыс орындарын құрады. Жеке кәсіпкер өз ісін ашады. Ал халық сапалы медициналық көмекке қол жеткізеді. Өткен жылы осындай 8 амбулатория ашылды. Қала құрылысының өсу қарқыны мен жоспарларын ескере отырып, әкімдік 2023 жылға дейін БМСК желісін дамыту жоспарын бекітті. Оған сәйкес қосымша 51 дәрігерлік амбулатория ашылатын болады.
«Бұл халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін тікелей нәтиже - 15 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеу. Сондай-ақ, медициналық көмектің сапасы арқылы өмір сүру ұзақтығын арттыру - негізгі мақсаттардың бірі», - делінген қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.