Астанада ең үздік білім беру мекемелері рейтингісінің қорытындысы шықты

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласында Ұстаздар күнінің қарсаңында ең үздік оқу орындары рейтингісінің қорытындысы жарияланды.

Астанада ең үздік білім беру мекемелері рейтингісінің қорытындысы шықты

Астана әкімдігінің мәліметінше, осы жылы алғаш рет «Көшбасшы мектеп» атағы тағайындалды. Осы құрметті атаққа № 38 мектеп-лицей ие болды.

Жыл сайын оқу жылының қорытындысы бойынша үздік білім беру ұйымдары марапатталатын болады. Биыл «Үздік балабақша» аталмын № 8 «Думан» балабақшасы иеленді, «Үздік колледж» - көлік және коммуникация колледжі. Ал, «Үздік қосымша білім беру мекемесі» ретінде «Арман» спорт-сауықтыру лагері танылды. «Кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйі» ММ «2012 жылдың Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» аталымына ие болды.