Астанада еңбек мигранттарының денсаулығына қатысты фотокөрме ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қарашада Астанада жұмыс іздеп келген мигранттарға Қазақстан Республикасында туберкулез диагностикасына және емдеуге қолжетімділік ұсыну бойынша жұмысты көрсететін «Сау болып орал!» фотокөрмесі ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада еңбек мигранттарының денсаулығына қатысты фотокөрме ашылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрме ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың гранты қаражаты есебінен ХОУП жобасы орындайтын «Еңбекші көшіп-қонушылардың арасында ТБ, КДК ТБ және ТБ/АИТВ трансшекаралық бақылау және емдеу бойынша іс-шаралар» жобасы шеңберінде ашылады. Іс-шара халықтың туберкулезге бейім де осал топтарына қоғамның назарын аударту мақсатында өтеді.

Көрмеге отандық фотограф Динара Ыбрайымованың еліміздің әртүрлі өңірлерінде түсірген 20 жұмысы қойылған. Объективте - құрылыс алаңдары, базарлар мен еңбек мигранттарының басқа да жұмыс істейтін орындары, сондай-ақ олардың өмір сүретін жерлері бар. Фотожұмыстар Қазақстанға келген еңбекші көшіп-қонушылардың еңбек ету күндері мен денсаулығына байланысты проблемалары туралы сыр шертеді.

Фотосуреттерде ХОУП Жобасының бағдарламасын енгізу шеңберінде еңбекші - көшіп-қонушыларға туберкулез профилактикасына, диагностикасына және емдеуге (оқытуда немесе хабардар етуде) көмек және әлеуметтік қолдау көрсетіп жатқан медицина қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлері де көрсетілген.

«Бағдарламамыздың мақсаты - еңбекші көшіп-қонушылар үшін туберкулез диагностикасы мен емдеуге қолжетімділікті шектейтін кедергілерді жою, мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, туберкулезді трансшекаралық бақылау және емдеу бойынша тиімді тетіктерді (өңірлікті қоса алғанда) жасау», - деп атап өтті Қазқстандағы ХОУП Жобасының басшысы Бақтияр Бабамурадов.

Міне үш жыл бойы ХОП Жобасының қызметкерлері мемлекеттік құрылымдармен, медициналық мекемелермен, көші-қон қызметімен, үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен бірлесіп, қиында, бірақ өте маңызды жұмыспен айналысады, оның бір бөлігі «Сау болып орал!» фотокөрмесінде бейнеленген.

Фотокөрменің ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ХОУП Жобасының, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, медициналық қоғамдастықтың және еңбекші көшіп-қонушылар қатысады.

Фотокөрменің 3 желтоқсанға дейін жалғасады.