Астанада еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі көрме ашылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Көрме» көрме орталығында еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2015» көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Конференцияның мақсаты - кәсіпорындарда жарақаттың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын-алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру.
«Конференция барысында - 28-29 сәуірде еңбекті қорғау және өндірістегі жарақаттың алдын алу бойынша тәжирибелерімен бөлісетін және өзекті мәселелер талқыланатын панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі», делінген хабарламада.
KIOSH көрмесінде құрылыста, көлікте, энергетикада, химиялық өндіріс, тау-металлургиялық, мұнай-газ салаларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған өнімдер мен қызметтер толық ұсынылған.
Көрме 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні етіп жариялауына орай ұйымдастырылғанын айта кетейік.