Астанада енді алты аудан болады

Астана агломерациясида 2 та шаҳарча барпо этилади
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астана тағы бір ауданмен толығады. Халық санының өсуіне, қала құрылысының белсенді жүруіне байланысты Алматы ауданы екіге бөлінетін болды. Бұл туралы ktk.kz сайты жазды.

1998 жылы құрылған Алматы ауданында шаһардың бет-бейнесіне айналған ғимараттардың басым бөлігі орналасқан. Аймақтағы Президент саябағы мен Триатлон паркі, «Қазақ елі» алаңы, Ұлттық музей, Әзірет Сұлтан мешіті мен Бейбітшілік және келісім сарайы қала қонақтары ерекше ілтипатпен баратын айшықты құрылыс нысандары.

Айта кетейік, Алматы ауданын бөлу туралы бастама 2018 жылы көтерілген. Қала кеңесінің ортақ шешімімен ол кезде ауданның кей бөлігі Байқоңыр ауданына қосылған болатын. Осылайша енді Астанада алты аудан болады: Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл, Нұра және атауы әзірге белгісіз жаңа аудан.

Соңғы жаңалықтар