Астанада Эндобейнехирургия оқу орталығы ашылды

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін тұңғыш рет Астана қаласында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында ана мен бала денсаулығы саласында телемедицина жүргізуге мүмкіндік беретін, арнайы оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған Эндобейнехирургия оқу орталығы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін біз Қазақстанда эндобейнехирургия дамуының жаңа кезеңі басталуының куәгері болдық. Операция жасалатын бөлмеде жаңа жетекші эндобейне жүйесі қойылған. Бұл аппараттар жаңадан бастап келе жатқан және тәжірибесі бар дәрігерлерді оқытуға жәрдемдеседі. Ең бастысы, операция барысында Германияның жетекші клиникаларымен байланыс орнату, олардан кеңестер алып, телемедицина арқасында проблеманы дер кезінде шешуге болады», - деді аталмыш орталықтың таныстырылымында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. Министрдің айтуынша, қазақстандық әйелдерге операция жасауға кезекке тұрудың қажеті жоқ. Мұнда қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған 7 жаттығу орындары бар. Сондай-ақ операция шығындарына мемлекет қаржысы жұмсалады. «Мен біздің гинеколог дәрігерлеріміздің біліктілігі тағы бір деңгейге көтеріледі деп сеніммен айта аламын. Келешекте жұмыс тәжірибесі молайып, қазақстандықтар шетелге бармай-ақ, жамбас түбінің хирургиясы мен урогинекология операцияларын өз елінде жасай алады», - деп атап өтті ол. Айта кететін жайт, Karl Storz GmbH & Co. KG компаниясы (Германия) ұсынып отырған осы бір бірегей техникалардың арқасында операцияларды камералардан көріп қана қоймай, оны таспаға жазып та алуға болады.
Соңғы жаңалықтар