Астанада энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жарату үшін 300 контейнер орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуға арналған 300 арнайы контейнер орнатылды, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Астанада энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жарату үшін 300 контейнер орнатылды

Энергия үнемдейтін шамдар электр энергиясын тұтынуды айтарлықтай азайтады, өйткені осындай шамдар әдеттегі шамдарға қарағанда ұзақ уақыт пайдалануға жарамды. Бірақ құрамында қауіпті элементтер болғандықтан оларды кәдеге жарату керек. Астанада құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуға арналған 300 арнайы контейнер орнатылды. Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан хабарлағандай, өткен жылдың қорытындысы бойынша 500 мыңнан астам шам жиналып, кәдеге жаратылды, биыл 600 мыңнан астам осындай шам жиналды. Контейнер өлшемі 600-1200 мм сызықтық шамдарды, сонымен қатар химиялық қуат көздерін (батарейкалар, аккумуляторлар) қабылдайды. Шамдардағы сынапты және оның қосындыларын жою Астана қаласының аумағында орналасқан қондырғыда жүзеге асырылады.