Астанада энергия үнемдейтін жарық қондырғылары іске қосылды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана көшелерінде энергия үнемдейтін жарық қондырғылары орнатылды. Осыған орай бүгін Алматы көшесі бойында іске қосылған жаңа технологияның таныстырылымы болды.

Астанада энергия үнемдейтін жарық қондырғылары іске қосылды

Қазіргі кезде ҚР Президентінің мұражайы тұсында да осы іспетті жарық қондырғылары орнатылып жатыр. Сондай-ақ энергия үнемдейтін жаңа технология Сарайшық және 30-шы көшелердің бойында іске қосылып отыр. Жоба менеджері Әсел Тілегенованың айтуынша, аталған технологияны «Led System» ЖШС тегін ұсынып отыр. «Біз жаңа қондырғыларды сынап көреміз. Содан кейін ғана оны қала бойынша орнату жоспарланған. Негізі, жаңа бұл қондырғылар электр энергияны 60 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді», -дейді Ә.Тілегенова.

Айта кетейік, бүгінде Еуропа елдерінде энергия үнемдейтін жарық қондырғылары кеңінен тараған. ТМД бойынша Астана осындай жобаны бірінші болып қолға алып отыр.