Астанада «Энерготиімді шағын аудан» жобасын іске асыру жоспарланады
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс Ұлттық палатасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасын жетілдіру аясында «Энергетикалық тиімді шағын аудан» жобасын іске асыруды ұсынды.
Осыған орай, 2013 жылы Астанада «Энергетикалық тиімділікті қамтыған шағын аудан» жобасын іске асыру жоспарланады. Бұл туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс Ұлттық палатасы Басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.
Жоба аясында шағынауданның инфрақұрылымын тиімді басқарудың жаңа үлгісі апробацияланады, ол энергия ресурстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Аталған жүйе энергия жетілдіруді өткізу жоспарланған шағынаудандарға үйлерді жергілікті ірілендіру арқылы тұрғын үй қорының жылу жетілдіруін өткізу кезінде ресурстарды оңтайландыруды көздейді. Осылайша, Астанада осы жобаны бірінші болып Алматы ауданында сынақтан өткізу жоспарланған.
«Жетілдіру бойынша бірқатар үйлерді жергілікті қалыптастыру, бірнеше үйді біріктіру қажет. Осылайша, шағын аудандар принципі ресурстарды, сонымен қатар адам ресурстарын арзандатуға көмектеседі. Ең алдымен, бұл тек бір үйдің ғана емес, тұтас бір ауданның инженерлік инфрақұрылымын оңтайландыруға септігін тигізеді», - деп атап өтті ТКШ Ұлттық палатасының басшысы.