Астанада ер адам дәмхананың ішінде ойран салды

Дәмхананың әкімшісі полицияға белгісіз ер адамның қоғамдық орында ойран салғаны туралы арыз түсірді. ҚазАқпарат бұл туралы Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

қылмыс
Фото: Мухтар Холдорбеков/ҚазАқпарат

Оқиға түнде болған. Бұзақы дәмхана ішіне кіріп, айналадағының бәрін себепсіз қирата бастаған – ыдыс-аяқ, орындықтар мен үстелдерді сындырды.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері ер адамды полиция бөліміне жеткізді.

Қылмыскердің жеке басы анықталды. Ол 36 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежеде мас болған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ер адам Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады
Ұқсас жаңалықтар

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады