Астанада ер адам Есіл өзеніне батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 32 жасар ер адам Есіл өзенінен бөгет арқылы өтіп бара жатып, құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Астанада ер адам Есіл өзеніне батып кетті

Оның денесін ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД судан құтқару қызметінің күштері (6 адам, 2 бірлік техника) тауып, судан алып шықты.