Астанада ер адам қайырымдылық ақшасы салынған қорапты ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының тәртіп сақшылары қайырымдылыққа арналған ақшалы қорапты қолды еткен ұрыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ІІД-нің Фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
None
None

«Белгісіз ер адам асханадағы қайырымдылыққа арналып қойылған қорапты ұрлап кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған», - делінген хабарламада.

Ұрлық оқиғасы 27 желтоқсан күні сағат 08:00 шамасында Жеңіс даңғылындағы «Дастархан» асханасында тіркелген.

Аталған жағдай сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестрінде ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша тіркелген. Құқық қорғаушылар ұрыны ұстау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Астана қаласының ІІД бейнебақылау камерасына түсіп қалған адамды тауып беруге көмек көрсетуді сұрайды. Белгілі мәліметтер болса, Астана қаласының «Сарыарқа» аудандық ІІБ-ның 8 (7172)71-66-36, 71-66-34, 71-66-10, 8-775-400-04-28 нөміріне  хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар