Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ер кісі көпірден секіріп, көз жұмды.

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 13 қыркүйекте шамамен 07:00-де Тілендиев даңғылы бойындағы Атбасар-Көкшетау жолайырығында орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам көпірден тура жолдың үстіне секірген.

Аталған оқиғаны Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі растады. Дегенмен толық ақпарат бере алмады.

«Бұл факт тіркелді, қазір тексеру жүргізілуде, жағдайдың қосымша мәліметтері анықталуда», - деді Астана ІІД баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында.