Астанада ер адам өз көлігінің астында қалып, мерт болды
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Елордада өз көлігінің доңғалағын ауыстырмақ болған ер адам, оның астында қалып, қаза болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
24 маусым күні Астанада Чехов көшесінде орналасқан жеке гаражда көліктің доңғалағын ауыстыру кезінде көтергіш орнынан тайып, 67 жастағы ер адам темір тұлпардың астында қалды. Ол оқиға орнында көз жұмды.