Астанада ер адамды көлік қағып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Астанадағы Достық көшесінде болды.

жол апаты
Фото: Видеодан скрин

Жүргізуші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті.

— Достық көшесінде жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan маркалы көлікті басқарған жүргізуші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Бұған дейін Жетісу облысындағы жол апатынан екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Астанада алты жасар баланы жүк көлігі қағып, мерт қылды.

Соңғы жаңалықтар