Астанада Ербол Отарбаевтың ерлігін әспеттеген фильмінің тұсауы кесілді

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Қазақстан» концерт залында Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қайсарлығы мен Ербол Отарбаевтың ерлігі туралы түсірілген «Алтыншы бекет» фильмінің тұсаукесері болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Көркем фильм Ұлттық ұланның 2017-2019 жылдарға арналған арнайы имидждік бағдарламасын орындау аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша  түсірілген. Туындыны көпшілікке қазақстандық «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясы мен «Хабар» агенттігі ұсынды.

«Сол бір оқиға болған уақытта Ербол Отарбаев бар-жоғы 19 жаста болған. Ерболды үлгі ете отырып, бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Мен өз басым осынау ерлікке назарын аударған біздің Үкіметке, «Хабар» агенттігіне, «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясының басшылығына зор алғысымды білдіремін. Себебі, жауынгерлеріміздің батырлығын біз көп жағдайда ұмытып кетіп жатамыз. Ал біздің жігіттердің ерлігі - жас ұрпаққа үлгі бола білуі керек. Бүгінгі күні мен біздің әскерде ең лайықты жауынгерлер қызмет етіп жүр деп нық сеніммен айта аламын», - деді тұсаукесер алындағы баспасөз мәслихаты кезінде Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов.

null 

Сюжет желісіне Ұлттық ұланның жауынгері Ербол Отарбаевтың 2010 жылғы 22 маусымда Ақтау қаласындағы түзеу мекемесін күзету бойынша қарауыл қызметінде тұрған кезіндегі жанқиярлық ерлігі негіз болған. Сол кезде жас жауынгер қатаң тәртіптегі колониядан қашпақ болған 21 жазасын өтеушінің жолына жалғыз өзі тосқауыл қоя білген. Осы ерлігі үшін Ербол Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын. Бүгін де Ербол Ұлттық ұланның офицері.

null null 

Тұсаукесер алдында туындының түсірілім тобы қызыл кілеммен жүріп өтті. Тұсаукесерге Парламент Мәжілісінің депутаттары, министрліктердің, күш құрылымдары мен Астана қаласы әкімдігі, БАҚ өкілдері қатысты.

null 

Туындыда басты рөлдерді елімізге танымал Санұржан Сүлейменов, Жасұлан Өмірбек, Серік Салқынбаев, Ерболат Тоғызақов, Саят Исембаев, Қажымұқан Қалымбетов, Жандос Жұмағұлов және тағы басқа актерлар сомдаған. Мұхаметқали Сатовтың идеясымен түсірілген туындының бас продюссері Данияр Ибрагимов, режиссері Серікболсын Өтепбергенов.

null 

 Көркем фильмді 15 наурыздан бастап кинотеатрлардан көруге болады.  

Соңғы жаңалықтар