Астанада ертең «Қазмұнайгазсервис - 2014» конференциясы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең 18 наурыз күні Астана қаласындағы «Rixos President Astana» қонақүйінде Қазақстанның сервистік компанияларының одағының бастамасымен «Қазмұнайгазсервис-2014»-тің III конференциясы өтеді.
None
None

Бұл туралы «Қазақстанның сервистік компанияларының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми қолдауымен өткізіледі. Айта кетейік, шараны Қазақстан сервистік компанияларының одағы 2012 жылдан бастап өткізіп келеді.

Конференцияда соңғы үш жыл ішінде ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамтуға, қазақстандық компанияларды осы жобаларға тартуға байланысты, сондай-ақ отандық компаниялардың жер қойнауын пайдаланушылармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетіне байланысты проблемаларды талқылау үшін шамамен 90 отандық мұнай-сервистік компаниялардың өкілдері бас қоспақ.

Жиынды ірі жер қойнауын пайдаланушылармен талқылау, сондай-ақ жобалардағы қазақстандық қамту үлестерін көбейту бойынша ұсыныстар алу және компанияларды жер қойнауын пайдаланушылардың жобаларына тарту бойынша практикалық талқылау пішімінде өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ конференцияның мақсаты - сатып алу жоспарларына және сатып алудағы қатысу ережелеріне қатысты жер қойнауын пайдаланушылардан ақпарат алу болып табылады.

Конференцияға ҚР Мұнай және газ вице-министрі М.М.Мырзағалиев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е.Сауранбаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.М.Әміржанов, Келісімшарт агенттігі директоры Ж.И.Нұрбеков, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «KAZENERGY» ассоциациясы, Қазақстанның Машинажасаушылар одағы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, отандық мұнай-сервистік және мұнайгаз компанияларының басшылары қатысады. Конференция шеңберінде Қазақстанның сервистік компаниялар одағы мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар