Астанада Есіл өзенінде 30 жастағы ер адам суға батып кетті
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 11 тамыз күні сағат 21:50-де Астанадағы газ аппаратурасы зауыты маңында Есіл өзенінде суға шомылу кезінде 30 жастағы ер адам суға батып кетті.
Оның денесін жағаға келесі күні куәгерлер алып шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.