Астанада Есіл өзенінде екі бала мұз астына түсіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 11 жасар екі оқушы Есіл өзенінде мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды елордалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Құтқарушылардың айтуынша, 5 сынып оқитын оқушылар жаттығу аяқталысымен Алатау спорт кешенінен шығып, өзеннің үстімен жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде жұқа мұз шытынап, екі бала өзен суына құлап кеткен.

Абырой болғанда, қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкін болды. Спорт кешеніне бағыт алып келе жатқан М. Беисов пен Д. Мұса-Намаз есімді екі полицей балалардың суға кетіп бара жатқанын көріп, құтқарып алды. Жедел жәрдем шақыртылғаннан кейін, дәрігерлер балаларды ауруханаға қосымша тексерістен өткізу үшін алып кетті.

Құтқарушылар мұздың үстіне шықпауға және балаларын жіті бақылауда ұстап отыруды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар