Астанада Есіл өзенінде навигация маусымы ашылды
Салтанатты рәсімге елорда әкімдігінің және қалалық қызметтердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana.kz .
Шараның ресми бөлімінен кейін орталық тәрбиеленушілері үшін Есіл өзенімен теплоходпен серуен ұйымдастырылды.
«Есіл-Астана» кәсіпорны мамандарының айтуынша, биыл елордада тоғызыншы навигациялық маусым ашылып отыр. Қазіргі уақытта Астана қаласының өзен флотына 14 кеме кіреді, соның алтауы жалпы сыйымдылығы 265 адам болатын 6 жолаушылар кемесі және 9 техникалық кеме, соның біреуі өзенді патрульдеуге арналған моторлы қайық. Су жолдарын жүзу құралдарының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін жағдайда ұстау мақсатында жыл сайын кәсіпорын навигациялық белгілер орнатып, су түбін зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Есіл өзенімен кеме қатынасы Мемлекет басшысы ұсынған бастаманың арқасында мүмкін болды. Ол елорданы дамытудың бас жоспарын түзету барысында Есіл өзенін көліктік мақсаттарда пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынған болатын, дейді шараның ұйымдастырушылары. Осы орайда 2008 жылы «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны құрылып, қажет штаты, қызметі және қызмет көрсетуші қызметкерлері жасақталды. Кәсіпорын қызметі халыққа сервистік-мәдени қызметтер көрсетуге және Есіл өзенінде жол салу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
2015 жылдың маусым айынан бастап Есіл өзенінің Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Қазақстан Республикасының кеме қатынасы жолдарының санатына ресми түрде енгізілді. Есіл өзеніндегі кеме қатынасы Астана, жалпы еліміз үшін имидждік жоба саналады. Есіл өзенінің акваториясымен теплоходпен жолаушы тасымалдау мәдениет пен демалыс мүмкіндіктері тұрғысынан елорданың тартымдылығын арттыра түседі.
Атап өтерлігі, экскурсиялық-серуен қызметтеріне тарифтер соңғы бірнеше жыл бойы өзгермей келеді және ересек жолаушыларға 1000 теңге, 7-16 жас аралығындағы балаларға 500 теңге.
Фото: Ильзат Сафаргалиев