07:56, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
Астанада Есіл өзеніне 16 жасар жасөспірім батып кетті
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада Есіл өзенінде кеше сағат 16.30-да суға түсу кезінде 16 жасар бозбала батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Оның мәйіті қалалық ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) жарты сағаттан кейін жағаға шығарылды.