Астанада есірткі бизнесімен айналысып келген азаматша құрықталды

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласында есірткі саудасымен айналысып келген азаматша құрықталды.

Астанада есірткі бизнесімен айналысып келген азаматша құрықталды

Бүгін өткен апталық брифингіде елордалық Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Олжас Әбдікәрімовтың мәлім еткеніндей, тамыздың өткен 28-і күні қала аумағында өткізілген жедел іздестіру және арнайы кешенді шаралар барысында, Кенесары көшесі бойында жалпы салмағы 5 грамм героинді сату үстінде Т. есімді азаматша қолға түсті.

Анықталғандай, 1978 жылы туған азаматша бұрын істі болған, оның тұрғылықты жерін тінту барысында героиннің тағы 24 грамы табылды.

«Тергеу амалдарынан кейін ол Астана қаласының уақытша ұстау абақтысына жабылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 259-шы бабы, 3-ші бөлігі, «в» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Астана қалалық ІІД-нің Тергеу басқармасы жүргізуде», деп атап өтті О.Әбдікәрімов.