Астанада есірткі жарнамалайтын 75 сайт бұғатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы елордалық полицейлер есірткі жарнамалайтын 75 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1 бабымен (есірткі құралдарын, психотроптық заттард, олардың баламаларын тұтынуға итеру) 16 қылмыстық іс қозғалып, 75 сайттың мекенжайы бұғатталды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы, полиция подполковнигі Данияр Нарымбиев елордада өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, полиция қызметкерлері есірткіге құмарлықтың алдын алу мақсатында БАҚ бетінде 597 материал жариялады. Жастар арасында үгіт-насихат жүргізіп, қалам, дәптер, күрте, футболка, бесболка таратты. Есірткіге қарсы жарнама шығарып, ауқымды акция өткізді.

Бұған дейін өткен жылы елорданың аумағында 1 300-ден астам есірткі қылмысы тіркелгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар