12:29, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Астанада есірткіні өз үйінде сатқан қылмыскер әйел ұсталды - С.Ильиных
АСТАНА. Мамырдың 25-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астана қаласында есірткіні өз үйінде сатқан қылмыскер әйел ұсталды. Бұл туралы бүгін ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Сергей Ильиных мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметі бойынша, өткен аптада елордада жүргізілген арнайы алдын-алу іс-шарасы барысында Сембинов көшесінде тұратын Е. есімді азаматшаның өз үйінде есірткі заттарын сатып жатқандығы анықталды. «Қылмыскер әйелді ұстау кезінде одан 18 келіден астам марихуана және гашиш заттары тәркіленді», - дейді Сергей Ильиных.