Астанада есірткінің ірі партиясы тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада полиция қызметкерлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері есірткі сатушыларды ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді.
«Шара барысында бұрын бірнеше рет сотталған 38 жастағы ер адам тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Үйді тінту барысында үйретілген иттің көмегімен 500 грамға жуық гашиш және марихуана есірткісі табылды. Анықталғандай аталған азамат бұған дейін қарақшылық пен ұрлық үшін істі болған. Қала аумағында есірткі сатумен айналысып келген. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіден 318,7 грамм гашиш және 122,58 грамм марихуана есірткісі тәркіленді», - делінген хабарламада.
Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Және бүгінде айыпты уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қазір полицейлер елордаға есірткінің жеткізілу жолын анықтап жатыр.