Астанада есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

наркоканал
Фото: ҚР ҰҚК

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан зертхананы жою жұмыстары ҚР Ұлттық қаупсіздік комитеті қалалық департаменті прокуратураның үйлестірумен жүзеге асырылған.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды. Тінту барысында олардан шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг-дан астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды. Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады.

Ликвидирована нарколаборатория в Астане
Фото: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Бұдан басқа, Астана қаласының басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыруға арналған.

«Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді», -делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан баспасөз-баянында.

Ликвидирована нарколаборатория в Астане
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі