Астанада этносаралық татулық туралы ғылыми конференция өтті

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: қазіргі жағдайы мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болды.
None
None

Шара Қазақстандағы рухани келісім күніне орайластырылған. Оған университет ғалымдары, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен студенттер қатысты.

«Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде әлем елдері мұнда азаматтық соғыс болады деп күткен болатын. Себебі Кеңес одағы кезінде біздің еліміз ұлттар зертханасына айналды. Жергілікті ұлттың үлес салмағы басқа ұлттардан аз болды. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық татулықты ең бірінші орынға қойып келеді. Еліміздегі тыныштық пен татулықтың арқасында экономикамыз да қарқынды дамып, әлем елдерімен тереземізді теңестірдік», - деді конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ.

Шараны аталмыш ЖОО-мен бірге Астана қалалық Ішкі саясат департаменті және Астана қаласының азаматтық альянсы бірігіп ұйымдастырып отыр.

Конференция қорытындысы бойынша этносаралық татулықты сақтау және дамыту тақырыбында оқылған баяндамалар бір жинақ болып басылып, көпшілік қауымның назарына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар