Астанада этносаралық және конфессияаралық мәселелер жөніндегі халықаралық конференция ашылды

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік. Елбасы. Ел бірлігі» тақырыбында этносаралық және конфессияаралық мәселелер жөніндегі халықаралық конференция өтуде.

Бес сессияға бөлінген конференция жұмысында этносаясат саласындағы өзекті зерттеулердің тұсаукесері өткізіліп, жан-жақты талқылаулар өтеді деп жоспарланған.

«Бүгінгі Тәуелсіздік пен Қазақстанның бейбіт саясаты - тұрақтылық пен ұлттық бірліктің іргелі негізіне айналды. Бұл өз кезегінде Президент - Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың ерен еңбегі, оның бейбітшілік пен жасампаздық саясатының жемісті нәтижесі болып табылады», - дейді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев конференцияда жасаған баяндамасында.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бүкіл әлем қауымдастығы Қазақстанның бейбіт қоғам моделі тәжірибесімен бөлісуге аса үлкен қызығушылық танытуда.

«Қазақстанның дүниежүзіне айтатын сөзі де бар, нақты істері де бар. Қазақстанда орнаған ел бірлігіне қатысты тұрақтылық моделі -Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі және бүгінде оны дүниежүзі халықтары мойындап отыр. Ол өзінің өміршеңдігін дәлелдеді», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Қазақстанның тұрақтылыққа қатысты нақты тәжірибесін талқылауға арналған шараға отандық ғалымдардан бөлек, әлемнің 13 елінен келген сарапшылар, ғалымдар және саясаттанушылар қатысуда.

Халықаралық конференция соңында қатысушылар Мемлекет басшысының атына қатысушылардың Үндеуі жолдамақ.

Соңғы жаңалықтар