Астанада этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен биылғы конкурстың нәтижесі бойынша еліміздегі ұлтаралық келісімді дамыту саласындағы үздік мақала мен телебағдарлама аталымдарында «Индустриялық Қарағанды» газетінің тілшісі Константин Шипунов, «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы Абылайхан Қалназаров, «Қазақстан» телеарнасының «Менің Қазақстаным» және «Мир» телеарнасының «Қазақстан: халықтар мен тағдырлар» бағдарламалары үздік деп танылды.
Сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту саласындағы ерен еңбектері үшін академик Мэлс Сүлейменов және «Степной маяк» газетінің тілшісі Қарлығаш Мұқатаева арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара барысында еліміздің басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғас хаттары тапсырылды.