Астанада «Еуразия» бірінші телеарнасының қызметкері қаза тапқан жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Еуразия» бірінші телеарнасының қызметкері Анатолий Парфенов көз жұмған жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды елордалық ІІД-інің баспасөз қызметінен.
None
None

«Елордалық полиция қызметкерлерімен 23 шілде күні шамамен сағат 01.00-де Қарағанды тас жолы бойындағы жанар-жағармай стансасында қарама-қарсы жақта орын алған жол-көлік оқиғасы бойныша ҚР ҚК-нің 345-бабына (абайсызда кісі өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес соталды тергеу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарлама.

Еске сала кетейік, «Honda Pilot» маркалы көлігінің 21 жастағы жүргізушісі «Honda» маркалы мотоциклмен соқтығысып, салдарынан мотоцикл көлігінің жүргізушісі, 1987 жылы туған А.Парфенов алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай , елордада түнгі уақытта орын алған жол апатынан «Еуразия» бірінші арнасы телеарнасының апараттық-студиялық блогының басшысы Анатолий Парфёнов қаза тапты. «Honda Pilot» көлігінің жүргізушісі ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойныша Астана қаласы ІІд-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар